12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СОТ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫ

Бүгінде еліміздің барлық саласында цифрландыруға бетбұрыс байқалады. Елдегі сот саласы да соңғы кездері қарқынды цифрланып, ақпараттық технологияларға бет бұрды.
Халықтың сандық сауаттылық деңгейі 75,5 пайыздан 81,5 пайызға көтерілді. Интернет пайдаланушылардың үлесі 77 пайыздан 81 пайызға өседі деп жоспарлануда. Осы орайда заманауи ақпараттық технологиялардың игілігін көріп отырған сот саласы да қолданыстағы сандық жүйенің үлесін арттырып жатыр.
Мәселен, «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында тараптар смартфондарына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс
арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады. Ал, сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуде. Яғни, қазір халқымызға сот процесіне қатысу үшін сот залына келудің қажеті жоқ. Цифрландыру бағдарламасы арқылы сот процесіне әлемнің кез келген түкпірінен онлайн қосылуға болады. Қазір дамыған технологияның бұл игілігін көптеген сот залдары көріп отыр. Еліміздің сот кабинеттері аудио-бейнетіркеу жүйесімен, соның ішінде, бейнебайланыс құрылғыларымен 100 пайызға жабдықталған. Азаматтардың еркін түрде кез келген қызметке қолжетімділігін қалыптастыру, үйден шықпай сотқа
арыз-шағым беру немесе қаладан қалаға сапарлатпай, сот отырысына қатыса алуы, тіпті кейбір қылмыстық істердің қозғалысын ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі салаға ашықтық әкелгенін мойындауымыз керек. Цифрлы технология сот саласының қарқынды дамуына ықпал етті. Жалпы қазірдің өзінде ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлік қамтамасыз ету, интернетке қосылу, «электронды үкімет» жұмыстарын ұйымдастыру көрсеткіші бойынша ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарда келе жатқан елімізде алдағы
уақытта да бұл бағыттағы істер қанатын кең жая береді деген үміттеміз.
Ержан ҚОЖАҒУЛОВ,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Түркістан облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы жұмысы

Ел Конституциясының 12-бабының 2-тармағында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге...

Алғыс айту асыл қасиет

Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күнімен басталады. 2016...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл ұлтпен — ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы....

Азаматтар заңмен берілген мүмкіндіктерді пайдалануда

Өткен жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру...