300-ге жуық жас курсант Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қатарын толықтырды

Жақында академияда жаңа курсанттардың Ант қабылдауының салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға көптеген қонақтар, соның ішінде Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы мен басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Гонконгтан келген шетелдік қонақтар жиналды.

Басшылық құрам курсанттарды Отанға қызмет ету жолының басталуымен құттықтап, олардың қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ курсанттар үшін мақтаныш сезімін білдіріп, оларды жоғары жауапкершілікке шақырды.

Салтанатты шараға курсанттардың ата-аналары мен жақындары қатысты, олар осы маңызды сәтті қуанышпен және мақтанышпен тамашалады. Жұртшылық өкілдері де жас курсанттарды қолдап келді.

Салтанатты рәсімде ардагерлер мен басшылық жас ұрпаққа жаңа форматтағы полиция қызметкеріне сай болуы үшін Отанға ерлікпен, жігерлікпен және абыроймен қызмет етуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына оқуға бірнеше сынақтардан тұратын талапкерлер іріктеу науқаны өтті, нәтижесінде 300-ге жуық талапкер іріктеуден сәтті өтті.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...