Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль- бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр.

Бұл жоғары білім туралы диплом, туу тарыл куәлік, неке туралы куәлік немесе мұрағаттан алынған көшірмелер және басқада құжаттар болуы мүмкін.

Апостиль-құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және өкілеттіктерін растайтын, сонымен қатар осы құжатта бекітілген мөр немесе мөртабанның түпнұсқалығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қағаз тасығышта не электрондық үкіметтің веб-порталы «www.egov.kz» арқылы электронды түрде не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі арқылы апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.

«Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасынан қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды растайтын мәліметтерді сұрату бөлігіндегі   бизнес-процесті автоматтандырылды.

Бұл жаңалық апостиль қою туралы арыз беру кезінде қызмет алушыдан сұралатын құжаттар тізбесін қысқартуға мүмкіндік береді. Осы қадам «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиь қою» мемлекеттік қызметтерін көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалған.

Мемлкеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін сондай ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбеде берілген.

Аян АЛТЫНБАЕВ, Жалағаш аудандық сотының Әкімші басшысы, «Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі»

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...