28 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күні. 7 спорт түрінен 14 спортшымыз жарыс жолына шығады. 

Бадминтон. Ерлер. Іріктеу (QazSport)
11:30.  Дмитрий Панарин – Кента Нишимото

10 м пневматикалық мылтықпен ату. Іріктеу (QazSport)
12:15. Александра Ле, Арина Алтухова
14:15. Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев

Академиялық ескек есу (Ел Арна)
12:36. Владислав Яковлев

Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал (Qazaqstan)
13:00.   Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсиа Торне  (66 кг)

Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын (Jibek Joly)
1/32 финал
13:00.  Вадим Шарлаимов – Гарри Санер

1/16 финал
15:50.  Руслан Құрбанов – Хуссам Элькорд
16:40.   Эльмир Әлімжанов – Луиджи Миддлтон

Бокс. Ерлер, әйелдер (Хабар, Еларна)
1/8 финал
14:48. 92 кг.  Айбек Оралбай – Адам Олаоре

1/16 финал
18:46. 71 кг.  Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишайш
19:50. 50 кг.  Назым Қызайбай – Джордана Соррентино

Теннис. 1/32 финал (Jibek Joly)
21:00.   Александр Шевченко – Якуб Меншик

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы қоржынына 1 алтын, 1 қола медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста қола медаль еншіледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.