27 тамызға арналған ауа райы болжамы

27 тамыз еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарында ауа райына циклондар әсер етеді. Салдарынан аталған өңірлерде жауын жауады, найзағай жарқылдайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райы жалғасады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, желдің күші түнде — 3-8, күндіз — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +25+27 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел қарқыны — 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +12+14 градус, күндіз +26+28 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлттар жөңкіледі, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с.

Ауа температурасы түнде +14 +16 градус, күндіз +31 +33 градус болады.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...