25 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік батыс антициклонының әсерінен бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта еліміздің шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен жел соғады, екпіні — түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы қаласында да аспан көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны 13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...