12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

Республика бойынша 24 ақпан-24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулез ауруының алдын алуға арналған айлық өткізіліп жатыр.

Осы іс шара аясында №11 мекемеде жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында Алматы қаласы №24 ҚП дәрігері Дүйсенбай Лаззат Берікқызы және фтизиатр дәрігері Бимбетова Әлия Тұрсынбекқызы, медбикелер қатысты. Туберкулездің алдын алу бойынша «№11 мекеме» жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Айлықты өткізудің мақсаты: профилактикалық іс-шараларды және туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықтың хабардарлығын, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын, емдеудің тиімділігін, профилактикалық іс-шараларды күшейту болып табылады. 2025 жылғы айлықтың ұраны — » Біз туберкулезді жеңеміз!»– туберкулезге қарсы бірлескен шаралар, туберкулезді емдеу және алдын алу үшін барабар ресурстармен саяси қолдау және туберкулездің жаһандық эпидетін тоқтату жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап көрсетеді. Айлық аясында: туберкулездің алдын алу, туберкулезді емдеу жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану туралы әңгімелер өткізілді! №11 мекемеге ҚР ДСМ 30.11.2020 ж.№ ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының барлық нормалары қатаң сақталады, мекемеге келгеннен кейін 3 тәулік ішінде тәрбиеленушілерді флюорографиялық тексеру, ФГ жылына 2 рет тексеру, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау жұмыстары ұйымдастырылады.

Жазалы жасөпірімдерге туберкулездің алдын алу және одан дұрыс сақтану жолдарын түсіндірді, қойылған сұрақтарға дәрігер мамандар жауап берді. Сондықтан Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін өткізудің мақсаты, ең алдымен, әлем халқының осы аурудың жаһандық індеті туралы және оны жою жөніндегі күш-жігер, оның алдын алу және оған қарсы күрес әдістері туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.

№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....