23 мың студент Украинадан Қазақстанға ауысуға ниет білдірген

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинадан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына 20 мыңнан аса студент ауысқысы келетінін айтты. Әңгіме Үндістан мен Пәкістан жастары туралы болып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Қазір 23 мың Үндістан мен Пәкістан студенті есігімізді қағып жатыр. Олар Украинаның медициналық университеттерінде білім алған студенттер және қазір белгілі себептермен онда оқи алмайды. Қазір біз не істей алатынымызды ойлап жатырмыз», — деді Саясат Нұрбек.

Мұндай мәлімдемелер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түсетіні атап өтілді. Сонымен қатар, сол медициналық университет профессорлары Қазақстанда сабақ беруге ниет білдірген. Бірақ, Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанда жаңа академиялық хабтар салынбаған.

«Біз академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек, осындай өсіп келе жатқан мөлшерді қабылдап, өңдей алмыз ба? Бұл қысым күшейе түседі», — деп қосты министр.

Ғылым және жоғары білім министрі тығырықтан шығу жолын университет ғимараттарын кеңейтуден ғана емес, цифрлық университеттерден де көретінін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленіп жатыр.

Думать на поколения вперед: как опыт Китая перекликается с видением Токаева

Сегодня конкуренция между странами в сфере технологий становится всё...

Ұрпақтар болашағын ойлау: Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгінде әлем елдері арасында технологиялық бәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің...

Ақтөбеде конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілді биліктің рөлі талқыланды

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Конституциялық...

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласына білім шырағын жаққан ұлы ағартушы

2026 жылы қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог, жазушы...

Жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның негізі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына тұсау болатын, мемлекетке деген...