2027 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК қанша болады? 

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді өзгерту ұсынылып отыр. Қаржы министрлігі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта АЕК, ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты жаңа көрсеткіштер белгіленген.

Заң жобасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге болып қалады;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 693 теңге болады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 4 325 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге болады. Биыл – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге болады. 2026 жылы – 69 049 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін күнкөріс минимумы – 55 173 теңге болады. Биыл – 50 851 теңге.

Сонымен қатар заң жобасында жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға арттыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударатын жарна мөлшерін де көтеру ұсынылып отыр. 2027 жылдан бастап оның мөлшерін жарна есептеу объектісінің 2,2%-ына дейін жеткізу көзделген. Қазір бұл көрсеткіш – 2%.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.