2027 жылдың соңына дейін Күршім ауданының барлық ауылдары интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен кездесуде интернетке қолжетімділікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

2027 жылдың соңына дейін ауданның барлық ауылдарын интернетпен қамту жоспарланып отыр.

– Облыста барлығы 234 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері тағы 16 ауыл желіге қосылды. Республикалық Жол картасына сәйкес 2027 жылдың соңына дейін тағы 123 елді мекен интернетпен қамтылмақ. Күршім ауданында бұл көрсеткіш 83,7%-ды құрайды. Дегенмен, 2379 тұрғыны бар 10 елді мекенде байланыстың жоқтығына немесе сапасының төмендігіне шағым түсіп жатыр, – деді облыс әкімі.

Атап айтқанда, Бурабай, Теректібұлақ, Топтерек, Ақши, Егіндібұлақ, Күршім-Қыстау, Қайнар, Жолнұсқау, Үшбұлақ және Қаратоғай ауылдарында интернет мәселесі өзекті болып отыр.

Өткен жылы байланысты жақсарту үшін Жолнұсқау, Үшбұлақ, Қаратоғай және Егіндібұлақ (Қараой ауылы үшін) елді мекендерінде биіктігі 40 метр болатын төрт антенна орнатылды. Жобаның құны – 626,8 млн теңге. Қазіргі уақытта байланыс операторлары нысандарды тексеріп, одан арғы жұмыстарға дайындық жүргізуде.

Қалған ауылдарды интернетпен қамту ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар ауданның 18 мектебінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін Starlink жиынтықтары орнатылған.

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...