2026 жылы жәрдемақы өседі: Кім қанша алады?

2026 жылы айлық есептік көрсеткіш өседі. Биыл 1 АЕК 3 932 теңге болса, келер жылы ол 4 325 теңге, яғни 393 теңгеге өседі. Осыған байланысты елімізде жәрдемақы көлемі де артады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей мөлшерлер бекітіледі:

  • ең төменгі жалақы – 85 мың теңге (2025 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз),
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (+6 278 теңге),
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге (+3 236 теңге),
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (+393 теңге),
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (+4 623 теңге).

Сонымен қатар 2026 жылы жасына байланысты зейнетақылар менеңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 10%-ға ұлғаймақ.

Жәрдемақы қанша теңгеге өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы қалай есептелетінін түсіндірген болатын.

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында олардың табысына қарамастан республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оған бірге тұратын 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын студенттері баротбасылар өтініш бере алады.

Жәрдемақы мөлшері балалардың санына қарай 4 балаға 16 ең төменгі айлық есептік көрсеткіштен 7 балаға 28 айлық есептік көрсеткішке дейін сараланады.

Отбасында 8 және одан дакөп бала болса, әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш төленеді.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2026 жылы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 69 329 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 86 673 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 104 016 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 121 359 теңге;

 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
17 300 теңге мөлшерінде төленді.

Сондай-ақ “Күміс алқа” алқасымен марапатталған көпбалалы аналар бюджет есебінен ай айын 6,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы алады. Ол шамамен 27 680 теңге.

“Алтын алқа” алқасымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі “Ана даңқы” орденімен марапатталған аналар үшін жәрдемақы көлемі 7,4 айлық есептік көрсеткіш. Ол 32 005 теңге.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,