2026 жыл: Жаңа жыл мерекесіне орай қанша күн демалыс беріледі?

Биыл да 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Десек те Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар — Жаңа жылға арналған мереке күндері;
  • 3 және 4 қаңтар — демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) — Рождество — демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар — мереке күндері;
  • 3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) — демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар — демалыс күні (Рождество).

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.