2025 жылы айыппұлдар қаншаға өседі?

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болып өзгереді, бұл қазіргіден 240 теңгеге артық. Осыған байланысты айыппұлдар да 6,1 пайызға өседі, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) болады. Сағатына 20-40 шақырым шегінде болса, 10 АЕК айыппұл, бұл 39 320 теңгеге (2024 жылы 36 920 теңге) тең. Сағатына 40 шақырымнан асып кетсе, 20 АЕК немесе 78 640 теңге көлемінде (2024 жылы 73 840 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайта заң бұзылса, 30 АЕК немесе 117 960 теңге (2024 жылы 110 760 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

Көлікті көлік жүргізу құқығынсыз басқарса, 20 АЕК немесе 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге) айыппұлмен жазаланады. Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдар үшін айыппұл 50 АЕК болады, бұл 196 600 теңгеге тең (2024 жылы 184 600 теңге болды) немесе 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілерін немесе таңбаларды сақтамағаны үшін 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қызылға жүру немесе реттеушіні елемеу 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) айыппұлға әкеп соғады, ал қайталап заң бұзу айыппұлды 15 АЕК-ке дейін ұлғайтады, бұл 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге) болады.

Жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектері немесе тротуарлармен жүргені үшін айыппұл 15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге) болады.

Көлікті дұрыс қоймағаны үшін салынатын айыппұлдар да өсті. Тұрақ немесе тоқтау ережелерін бұзу 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге), ал тротуарда немесе гүлзарларға көлік қойғаны үшін 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) болады. Тұрақ ақысынан жалтару 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұлға әкеп соғады.

Қызметкердің көлікті тоқтату туралы талабын орындамауға байланысты 40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге) айыппұл салынады. Дәл осындай әрекетті қайталаса, жүргізуші құқығынан айыруға және 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға әкеп соғуы мүмкін. Жүргізуші құқығынан айырылған адамдарға бұл заңбұзушылық үшін 60 АЕК айыппұл тағайындалады, бұл 235 920 теңге болады (2024 жылы 221 520 теңге).

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, бекітілмеген белбеу және тізгінде телефонды пайдалану 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) айыппұлға әкеп соғады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы АЕК-ке байланысты зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгеретіні туралы жаздық. 

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.