2025 жылғы АЕК: енді зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгереді?

Қазақстанда 2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бекітілді. Оның мөлшері — 3 932 теңге, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деген не?

Бұл көрсеткіш мына себептермен қолданылады:

  • Жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу.
  • Салық және басқа да міндетті төлемді есептеу.
  • Айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау.

Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

2025 жылғы АЕК мөлшері қанша?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК мөлшері 6,1 пайызға, 240 теңгеге өсті.

Ең төменгі жалақы және зейнетақы

Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Заңға Қазақстан Президенті 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойды.

АЕК-тен бөлек, құжатта ең төменгі жалақы мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітілді:

  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге.
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 32 360 теңге.
  • Зейнетақының ең төменгі мөлшері — 62 771 теңге.
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 932 теңге.
  • Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегі — 46 228 теңге.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар өсетіні белгілі болды. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...