12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2025 ЖЫЛДАН БАСТАП САЛЫҚ ШЕГЕРІМДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ НЕ ӨЗГЕРДІ?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде азаматтар үшін бірқатар жаңалықтар күшіне енді. Енді қарапайым халық белгілі бір шығындарын салық төленетін табыстан шегеріп тастауға құқылы. Бұл өзгерістердің мақсаты — халықтың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ауыртпалығын азайту.
Мәселен, егер сіздің отбасыңызда төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған бала болса, жылына 282 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде табысыңыздан салық шегерімін жасай аласыз. Бұл шамамен 1 миллион 100 мың теңгеден асады. Сондай-ақ оқу ақысын төлеуге, медициналық қызметтерге, немесе ипотека бойынша банкке төленетін сыйақыларға (проценттерге) байланысты шығындар да ескеріліп, әрқайсысы бойынша 118 АЕК-ке дейін (шамамен 464 мың теңге) шегерім жасауға рұқсат етіледі. Бірақ бұл шегерімдердің жалпы сомасы бір жылда 564 АЕК-тен аспауы керек.
Ең бастысы — бұл шегерімдерді сіз екі жолмен қолдана аласыз. Біріншісі — жұмыс беруші арқылы. Яғни, егер сіз ресми жұмыс істейтін болсаңыз, жыл басында салық шегерімін қолдану үшін жұмыс берушіге өтініш беріп, тиісті құжаттарды тапсырсаңыз жеткілікті. Бұл жағдайда сіздің жалақыңыздан аз салық ұсталып отырады. Бірақ жыл соңында табыс пен мүлік туралы декларация тапсырып, бәрін растауыңыз қажет.
Екінші жолы — өз бетіңізше салық органдарына декларация тапсыру арқылы шегерім қолдану. Бұл әдіс кәсіпкерлерге, бірнеше табыс көзі бар адамдарға, немесе жұмыс беруші арқылы рәсімдей алмағандарға ыңғайлы. Дегенмен, бұл тәсілмен жұмыс істеу үшін тиісті шығындарды құжатпен дәлелдеу керек болады. Артық төленген салықты қайтарып алу үшін де декларация тапсыру қажет, әрі салық органдары шегерімдердің дұрыстығын бір жыл ішінде тексере алады.
Бұрын жоспарланғандай, 2025 жылдан бастап барша азаматтарға декларация тапсыру міндеттелуі тиіс болатын. Бірақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл талап жеңілдетілді. Енді зейнеткерлер, студенттер, жеке ұйымдарда жұмыс істейтіндер сияқты азаматтар жыл сайынғы декларациядан босатылды. Бұл өз табысы тек жалақыдан, шәкіртақыдан немесе зейнетақыдан құралған адамдар үшін жақсы жаңалық.
Қорыта айтқанда, салық шегерімдері — бұл мемлекеттен беріліп отырған заңды жеңілдік. Егер сіз оқу, медицина, ипотека немесе бала тәрбиесіне қаражат жұмсасаңыз — салықты аз төлеуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл үшін уақытылы өтініш беру, құжаттарды сақтау және декларация тапсыру талаптары бар екенін ұмытпаңыз.

ҚР Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қаржы бөлімі басшысының м.а. Телесинова А.

Потерпевшим – списать задолженность

В последние годы тема мошенничества является актуальной, хотя правоохранительные...

Регистрация общественных объединений

На сегодняшний день регистрация некоммерческих организаций является актуальным вопросом...

Не только профессия, но и судьба

Экибастузский городской суд для меня и первое место работы,...

Закон – щит, а не барьер

В РАМКАХ ПОСЛАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА РК ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ЭЛЬВИРА АЗИМОВА...

Клиентоориентированность-главное требование для современных  государственных служащих

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...