2025 жылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары қадағаланады?

Биыл жыл басынан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатаң бақылау енгізілді. Бұл кәсіпкерлерді өз ісін адал жүргізуге үйретті. Ал 2025 жылы кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берген болатын. Massaget.kz тілшісі түсіндіреді.

Комитет мәліметінше, барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдары қатаң бақылауға алынбайды. Мониторинг үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі жөнелтушілерден қаражат түсетін шоттар бойынша жүргізілетінін нақтылады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі болып саналады.

«Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылады».

Мобильді аударымдарды тек жеке мақсатта пайдаланатын жеке тұлғалар үшін шектеулер жоқ. 

Айта кетейік, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұлдардан (15-тен 50 АЕК-ке дейін) дара кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті тіркеуге дейін шаралар қабылданады. Мысалы, жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын жеке тұлғалар Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жеке кәсіпкерді тіркеуге міндетті.

2025 жылға жоспар

МКК 2023 жылдан бастап банктерден мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының аударымдарын, ал биылдан бастап — квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің аударымдары туралы деректерді ала бастады. 2025-2026 жылдарға қарай мониторинг жүйесіне ЖК, заңды тұлғалардың басшылары мен қалған халықты қосу жоспарланған. 

«Көптеген кәсіпкер қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Мобильді аударымдарға бақылау енгізілгеннен кейін көптеген адам QR-кодтарды немесе банк терминалдарын қолдана бастады», — деп хабарлады МКК.

Сонымен қатар МКК үш ең төменгі жалақыдан асатын аударымдар сомасына лимит енгізу арқылы бақылау критерийлерін толықтыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, қазақстандық азаматтардың мобильдік аударымдары 2024 жылдың басынан бері тексеріледі. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.