Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада қазіргі уақытта бақылау деңгейінен аспайтын жіті респираторлық вирустық инфекцияларымен (бұдан әрі — ЖРВИ) сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалатынын хабарлайды. Ағымдағы жылдың 49 аптасында ЖРВИ-дің 13 980 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші — 595,32 құрады, бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 6,8% жоғары (13 083 жағдай), өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 35,4% — ға төмен (21 140 жағдай). Аурушаңдықтың 59,7%-ы балаларды құрайды (8348 жағдай).
Ағымдағы жылдың 49 аптасында қаланың 188 (54,3%) мектебінде оқушылар арасында шекті деңгейден аспайтын (20% — дан 30% — ға дейін) 10,0% — ға дейінгі ЖРВИ сырқаттанушылығының 1263 жағдайы тіркелді.
Қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы, сондай-ақ риновирус, парагрипп, аденовирус, маусымдық коронавирус сияқты басқа да тұмауға жатпайтын ЖРВИ вирустары айналымда бар. Тұмауға қарсы вакцинацияланбаған адамдар арасында А/H3N2 типті тұмаудың барлығы 82 расталған жағдайы тіркелді, барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық.
Жаппай аурушаңдықты болдырмау мақсатында ұйымдастырылған балалар ұйымдарында және мектептерде ауырларды анықтау үшін таңертеңгілік фильтрлердің жұмысы күшейтілді. Емханаларда температуралары бар аурулар бөлек қабылданады, шақыруларды қабылдау және ЖРВИ, тұмау ауруымен ауыратындарға көмек көрсету үшін қосымша телефон мен автокөліктер бөлінген, кезекші дәрігерлердің жұмыс істеу кестесі ұзартылды.
Қала халқы ЖРВИ, тұмауды алдын алудың келесі жалпы шараларын естен шығармау керек:
— иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану, жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу қажет;
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.
Спикер – Калыкова Асель Токановна


