2024 жылы қызмет барысында 122 журналист қаза тапқан

2024 жылы әлемде 122 журналист пен БАҚ қызметкері қайтыс болды. Оның ішінде 14-і әйел. Қайғылы қорытындыны Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Федерацияның мәліметінше, 2024 жыл журналистер үшін ең ауыр жылдардың бірі болды. IFJ БҰҰ-ның журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясын жедел қабылдауға бел байлағанын растады.

Қаза тапқан журналистердің көбі қай елде? 

Қаза тапқан журналистердің жалпы санының 58%-ы, атап айтқанда, 64 палестиналық, 6 ливандық және бір сириялық Израильдің Газа секторындағы «Хамаспен» соғысы мен Ливандағы әскери операцияларды көрсету кезінде қаза тапқан.

IFJ 2023 жылдың 7 қазанынан бері қаза тапқан палестиналық журналистер саны 147-ге жетті деп мәлімдеді. Иракта үш БАҚ қызметкері, оның ішінде екі әйел журналист және Сирияда фотограф пен Сирияның солтүстігінде екі күрд журналисі қаза тапқан.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Халықаралық журналистер федерациясы Пәкістанда 7, Бангладеште 5, Үндістанда 3, Камбоджада және Филиппинде бір журналистің қазасына көңіл айтты. Сонымен қатар Мьянмадағы әскери режим де баспасөз қызметкерлерінің өмірін жалмап жатыр. Былтыр онда үш журналист көз жұмды. Индонезияда және біздің елде бір журналист қаза тапты.

2024 жылы Африкада он әріптесіміз көз жұмды. Судандық алты тілші, Сомалиде екі журналист, Чадта және Конгодо бір журналист қаза тапты.

Үш жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқан Украинадағы Ресей соғысына қарамастан, Еуропа журналистер үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз континент болып саналды. 2024 жылы мұнда төрт журналист кәсіби міндеттерін орындау кезінде қайтыс болды.

Жыл басталғалы қаза тапқан тілшілер бар ма?

Қызмет барысында қаза тапқан тілшілер тізімі 2025 жылы да жалғасын тапты. 

Палестиналық штаттан тыс фототілші Омар әл-Дерави мен оның отбасы бейсенбі күні кешке Газа секторының орталығындағы үйлерінде Израиль әуе күштерінің соққысынан қаза тапты.

Фототілшінің өлімін Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) үкіметтік емес ұйымы растады. 

Тұтқындағы журналистер саны да күрт өсті

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Халықаралық журналистер федерациясы түрмеде отырған 516 журналисті санады. Бұл тізім 2023 (427) және 2022 (375) жылға қарағанда күрт өсті.

Темір торға тоғытылған журналистердің көбі Гонконгта — 135 журналист. Екінші орында Израиль тұр. Онда түрмеде 59 палестиналық журналист бар. Үштікті 44 журналисі қамауда отырған Мьянма аяқтайды. 

Айта кетейік, 1926 жылы құрылған Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) 140-тан астам елде 600 000 БАҚ қызметкерлерін біріктіретін әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым болып саналады. 

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.