2024 жылы қанша алматылық VIP нөмір сатып алды?

Жыл басынан бері Алматы тұрғындары қанша VIP нөмір сатып алғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мәліметінше, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 комбинациялары  — ең танымал нөмірлер. Олардың бағасы 57 АЕК болады. Едәуір қымбат нөмірлер, мысалы, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 285 АЕК-ке бағаланады.

Жыл басынан бері Алматыда 5039 VIP нөмір сатылған. Былтыр 5415 нөмір сатылған болатын.

«Кейбір адамдар VIP нөмірлердің бағасын «Азаматтарға арналған үкімет» қояды деп қате ойлайды. Бұл Салық кодексімен реттелетінін және сатудан түскен барлық қаражат мемлекеттік қазынаға түсетінін атап өткім келеді», — деді №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаев.

Айта кетейік, VIP нөмірлерді мамандандырылған ХҚКО немесе электрон үкімет порталы арқылы сатып алуға болады. Қызмет Алматыда бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Биыл қаладағы мамандандырылған ХҚКО-да 863 324 көлік тіркеліп, 116 741 жүргізуші куәлігі берілген.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...