200 теңгелік банкнотаны пайдалануға бола ма? Ұлттық банк жауап берді

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма басшысы Серікжан Майданов 200 теңгелік банкнотаны пайдалануға байланысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде халық тарапынан көптеген сұрақ түскен. Тұрғындардың айтуынша, кәсіпкерлер 200 теңгелік банкнотаны алудан бас тартады екен.  

Ұлттық банк өкілі 200 теңгелік банкнотаны заң бойынша әлі де пайдалануға болатынын атап өтті. 

«Олар 200 теңгелік монетамен қатар айналымда жүр және кез келген төлем, банк операциясы мен ақша жіберу кезінде қолдануға болады», — дейді Серікжан Майданов. 

Банкноталарды барлық банк бөлімшесінде, «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесі мен Ұлттық банктің бөлімшелерінде ауыстырып алуға болады. 

«Егер сізден 200 теңгелік монетаны алмай қойған жағдада Ұлттық банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгінуге болады», — дейді Майданов. 

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....

Запрос на справедливость

ОБСУЖДЕНИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ АМНИСТИИ В МАЖИЛИСЕ ВЫШЛО ЗА РАМКИ ГУМАНИЗАЦИИ...