200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы

Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, мұндай номиналдағы жаңа банкноттар енді шығарылмайды.

«Номиналы 200 теңге болатын банкноттар мәселесі бойынша, Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналды құны 200 теңге болатын монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық банк бұдан былай номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттар жасамайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттар бойынша мерзім белгіленбеген және олар табиғи тозуына қарай алынып, номиналы 200 теңге монеталармен ауыстырылады», — делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми суалына берген жауабында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару жоспарда жоқ екенін айтты.

«Банкноттар мен монеталардың қолданыстағы номиналды ассортименті қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...