1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы

 Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші бар құқықтық акт. Конституция барлық заңдар мен құқықтық-нормативтік актілердің негізі болып табылады.
           Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Бұл Конституция Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік тұтастығын, басқару формасын және азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындайды.
       Негізгі принциптері:

       Мемлекеттіліктің сипаты: Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

       Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
       Қазақстан Республикасы — унитарлық және президенттік басқару формасындағы мемлекет.

       Конституцияда биліктің үш тармаққа бөлінуі нақты бекітілген:
       -Заң шығарушы билік— Парламент,

       -Атқарушы билік — Үкімет пен Президент,

      -Сот билігі — тәуелсіз соттар.

        Бұл принцип -биліктің тежемелік және тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

       Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын таниды.

       Әркімнің өмір сүруге, бостандыққа, қауіпсіздікке, еңбек етуге, білім алуға, ар-ождан еркіндігіне, ар-абырой мен қадір-қасиетті қорғауға құқығы бар.
       Дискриминацияға жол берілмейді — ешкім де жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, саяси көзқарасына, әлеуметтік жағдайына байланысты құқықтарынан айырылмайды.                                                                       Адам құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек Конституцияда көзделген мақсаттарда ғана шектелуі мүмкін.
          Президент — мемлекеттің басшысы және Конституцияның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.

         Президент Қазақстан халқына және Парламент алдында жауап береді.
          Президенттің заң шығару бастамасы құқығы бар, Парламент актілеріне вето қоя алады.

       Сот билігі-тек соттарға ғана тиесілі. Қазақстан Республикасында тәуелсіз, бейтарап және тек заңға бағынатын сот жүйесі жұмыс істейді.        

       Сот төрелігі Конституция мен заңдарға ғана негізделеді.
        Судьялар тәуелсіз және ешкімнің ықпалына түспеуі тиіс.

        Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Орыс тілі — ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
       Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран.

       Конституцияның жоғарғы заңдық күші бар.

       Басқа барлық заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға сәйкес келуге міндетті. Конституция тікелей қолданылады. Яғни, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей Конституция нормаларына сілтеме жасай алады.
       Қорытындылай келе, 1995 жылғы Конституция -Қазақстан Республикасының құқықтық және саяси жүйесінің іргетасы болып табылады. 

       Өйткені, ол тәуелсіз мемлекеттің демократиялық дамуына жол ашты, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға құқықтық негіз қалады, сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы

М.П.Уразалина

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...