1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1991 жылдан бері қанша қазақстандық тарихи отанына оралғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9 пайызы Қытайдан, 39,2 пайыз – Өзбекстаннан, 5,8 пайыз – Моңғолиядан, 5,2 пайыз – Түрікменстаннан, 2,8 пайыз – Ресейден және 1,1 пайыз басқа елдерден», — делінген хабарламада.

1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2 пайыз және зейнеткерлер 9,4 пайыз болды.

«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8 пайызы жоғары білімді, 24,8 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3 пайызында білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары».

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 3 033 адам. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.