1975 жылдан кейін туғандарға зейнетақы басқаша есептеледі

2025 жылы жұмыс берушілер 5 514 050 жұмыскердің пайдасына 760 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы — 3,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5%-ға дейін жеткізіледі.

Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.

ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.

Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.