17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясындағы мерекеде түрлі көрмелер ұйымдастырылып, концерт, фестивалдер өтеді.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды.

Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. 

Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі — салт-дәстүрі. Ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.