12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерістер күшіне енеді, — деп хабарлайды Polisia.kz. «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда адам ұрлау және некеге мәжбүрлеу сияқты өзекті тақырыптарға қатысты өзгерістер қарастырылған. Басты жаңашылдықтардың бірі — Қылмыстық кодекстің 125-бабындағы ескертпенің алынып тасталуы. Бұған дейін ұрланған адамды ерікті түрде жіберген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін еді. Енді бұл мүмкіндік алынып тасталды: жәбірленушіні өз еркімен босатқан күннің өзінде кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы «Некеге мәжбүрлеу» енгізілді. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады. Некеге мәжбүрлегені үшін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қылмыстың мән-жайына байланысты 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылады. Егер мұндай әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Ал егер мәжбүрлеу зорлық-зомбылықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты, тәуелділігін пайдалану арқылы, адамдар тобымен немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, бұдан да қатаң жаза қарастырылған. Бұл өзгерістер некеге мәжбүрлеудің алдын алуға және ең алдымен әйелдер мен жасөспірімдер сияқты осал топтарды қорғауға бағытталған.

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция...

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

Қазақ халқының рухани қазынасында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

“EGOVKZBOT” TELEGRAM-БОТЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

«EgovKZBot» Telegram-боты – азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты...

Мұқағали Мақатаев және ана тілі: 95 жылдың мұра

Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың...