16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шеткі шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, батыста — қатты жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, ал елдің қалған бөлігінде ауа райы негізінент ұрақты. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте тұман күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қостанайда, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық +35-38 градус болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, батыста, Атырау облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...