15 жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан қызметкерлер 17 наурыз “Шаңырақ күнін”атап өтті

Қазақ халқында «Шаңырақ» деген ұғым ерекше орын алады. Шаңырақ тек қана баспананың символы ғана емес, ол — отбасы, ынтымақ, махаббат, бірлік және ортақ мақсат үшін ұмтылыс. Әр шанырақтың өзі бір тарих, өмірлік тәжірибенің жинағы болып табылады. Бүгінгі мақалада бір шаңырақ астында 15 жыл біргеміз деп жүрген жас отау қызметкерімізді құттықтап, оның өміріндегі маңызды кезеңдер мен атаулы мерекені қалай атап өтіп жүргенін сөз етеміз.

Рахметуллаев Дархан мен Токтаганова Мөлдірдің шаңырағында 1 ұл және 2 қыз тәрбиеленіп жатыр. Олар өз отбасында тәрбиенің, махаббат пен қолдаудың маңыздылығын түсініп, үш перзентін де өмірдің түрлі қиындықтарымен күресуге, еңбекқор болуға және адамгершілік құндылықтарды ұстануға тәрбиелеуде.

Дархан – 5511 әскери бөлімінің шеберхана бастығы, кіші сержанты. Ол өз жұмысында жоғары жауапкершілік пен адалдықты ұстанып, әскери қызметте үздік нәтиже көрсетіп келеді. Оның қызметі тек Отан алдындағы борышты өтеумен ғана шектелмей, отбасының қамқоршысы ретінде де үлкен жауапкершілікті сезінеді. Дарханның отбасы алдындағы парызы мен әскери қызметтегі еңбекқорлығы оны көпке үлгі етеді.

Ал Мөлдір – Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің арнайы есеп бөлімінің аға инспекторы, әділет лейтенанты. Мөлдір де өз саласында жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, қызметіне деген жауапкершілікті ерекше сезінеді. Отбасына деген махаббаты мен қызметіне деген адалдығы арасындағы теңгерімді ұстап, өзіндік үлгі болып табылады.

Дархан мен Мөлдір 15 жыл бойы бір шаңырақ астында өзара қолдау көрсетіп, қиындықтарға бірлесіп төтеп беріп келеді. Олар өз отбасын шын сүйіп, тәрбиелі ұрпақ өсіру жолында еңбек етуде. Олардың әр күні бірге өткізілген, бір-бірін түсініп, қолдап, сүйіп өткен күндермен толы.

«Шаңырақ күні – біздің отбасымыз үшін ерекше әрі маңызды күн. Дархан екеуіміздің бір-бірімізді қолдап, қиындықтардан бірге өтіп, 15 жыл бірге өмір сүруіміздің арқасында көптеген маңызды сабақтар алдық. Әрине, бұл жолда қиындықтар да болды, бірақ біз бір-бірімізді түсініп, қолдауға тырыстық. Балаларымызды дұрыс тәрбиелеп, оларға адалдық, еңбекқорлық пен жауапкершілік деген құндылықтарды үйретуге барымызды саламыз. Өз қызметімізде де барынша адалдық танытуға тырысып, отбасымыздың да әл-ауқатын, тыныштығын басты назарда ұстадық. Оған Дарханның, және балаларымның қолдауы мен түсінігі біз үшін өте маңызды.
Жас отау болып үйленгенімізде, неше түрлі жоспарларымыз болды, бірақ уақыт өте келе, өміріміздің шыңдалғанын түсіндік. Ең бастысы, бір-бірімізді құрметтеп, қолдап, әр күнді бірге өткізгеніміз бізді одан сайын жақындастырды. Отбасымыздың шаңырағы берік болсын, әрі әрқашан бір-бірімізге тірек бола білейік деп тілеймін”- дейді жас қызметкер Мөлдір.

“Дархан мен Мөлдірді Шаңырақ күнімен құттықтай отырып, олардың отбасының бақытты, берекелі болуын тілейміз. 15 жылдық отағасы мен отанасы ретінде өмір сүрген олардың шаңырағы әрқашан қуанышқа, махаббатқа және сәттілікке толы болсын. Үш баласы мен жарымен бірге ұзақ та бақытты өмір сүріп, бірге ғұмыр кешкен әрбір сәттері тек қуанышқа толы болсын!”, — деді мекеме бастығы подполковник Дауренбеков Женисбек.

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...