12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

15 тамыздан бастап әйелдерге арналған тампондар мен төсемелер тегін болады

15 тамыздан бастап Шотландияда мемлекеттік және білім беру мекемелері әйелдерге арналған тампондар мен төсемелерді тегін ұсынуға міндеттеледі. Бұл – әлемдегі осы тектес алғашқы бағдарлама, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шотландия үкіметі аталмыш бағдарламаға 2017 жылдан бастап 27 миллион фунт стерлинг жұмсаған. 

Ел билігі алдағы уақытта төсемелер мен тампондарды тегін алуға болатын 1 000-нан аса орын ашуға уәде берді. 

«Әйелдердің жеке гигиеналық заттарының қолжетімді болуы адамдардың теңдігі мен жеке құндылық сезімдерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді, қаржылық кедергілерді жояды», – деді Шотландияның Әлеуметтік әділдік бойынша хатшысы Шона Робинсон.

2021 жылдан бастап Францияда студенттер жеке гигиеналық заттарды арнайы автоматтардан тегін ала алады. Осы секілді бағдарлама Жаңа Зеландия мен Калифорнияда жасалып жатыр. 

Германияда да бұл мәселе талқыланып жатыр. 2019 жылы бундестаг 200 мыңнан аса қол жинаған петицияға назар аударып, әйелдердің гигиеналық заттарына арналған салық мөлшерлемесін азайтқан. Нәтижесінде бұл тауарлар айтарлықтай арзандаған. Келесі петицияда елдің Шотландиядан үлгі алып, төсемелер мен тампондарды тегін ұсыну жайлы айтылған. Бұл петиция бірнеше он мың қол жинады. 

Сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Алмалы ауданы...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ

Как известно, национальный проект «Качественное образование – образованная нация»,...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...