15 наурыздан бастап дүкендер, ресторандар және мектептер жабылады

15 наурыздан бастап Италия аймақтарының жартысында дүкендер, ресторандар және мектептер жабылады. Жаңа шектеу шаралары 3-5 сәуір күндері аталатын Пасха мерекесімен аяқталады деп жоспарланып отыр. Мереке күндері шектеу шаралары әдеттегіден қатаң болуы ықтимал, деп жазады azattyq.org.

Бір жыл бұрын Италия жалпыұлттық карантин жариялаған алғашқы ел атанды. Елге қазір де індеттің жылдам тарау қаупі төніп тұр. BBC басылымының хабарлауынша, Италия билігі коронавирус пен Covid эпидемиясы салдарынан ушығып кеткен өзге аурулардан 100 мың адам қайтыс болғанын мәлімдеген. Бұл – Еуропа бойынша Ұлыбританиядан (125 мың) кейінгі көрсеткіш.

Италиядағы вакциналау науқаны Еуроодақтың өзге елдері тап болған мәселеге келіп тірелді – алдын-ала тапсырыс берілген вакцина көлемі кешігіп жатыр.

Ағылшын-швед фирмасы AstraZeneca Еуроодақ елдеріне жеткізілетін тағы бір вакцина партиясы кешігетінін мәлімдеп, кей елдердің үкіметін сыртқы сауда шектеулерін қолданып отыр деп айыптады. AstraZeneca қай елді меңзегенін айтпады дейді BBC басылымы.

Қаңтар айында AstraZeneca Еуроодаққа 1 наурызға дейін жеткізілуі тиіс тапсырыстың жалпы көлемін 100 миллион дозаға дейін қысқартатынын мәлімдеді. Бұл Еуропалық комиссиясының нарызылығын тудырды.

Өткен аптада Италия үкіметі Оксфорд университеті мен AstraZeneca әзірлеген вакцинаның Еуроодақтан Австралияға бағытталған 250 мың дозасын экспорттауға тыйым салды. Бұл Италияның вакцина жетіспеушлігіне жауабы болды.

Болгария, Дания және Норвегия елдері Оксфорд-AstraZeneca вакцинасы қанның қоюлануына әкеледі деген ақпар тараған соң, ағылшын-швед компаниясының екпесін сатып алуды тоқтатып қойды. Жұма, 12 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіптенуге негіз жоқ деп, вакцинаны қолдана беруге шақырды.

Тепкілеп өлтірілген жігіттің өлімін кім жасырып отыр?

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ыстық су демалыс аймағында адам...

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...