1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Алматы прокуратурасы тонау үшін сотталған блогер Әділетхан Молдаханға қатысты істің мән-жайын баяндады.

Әлеуметтік желілерде блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны және оның қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы бұған дейін қаралған істің мән-жайын түсіндіріп берді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы Дидар Қабаевтың айтуынша, әңгіме 2021 жылы жасалған қылмыс туралы болып отыр.

«Бұл оқиға 2021 жылы болған. Сол кезде мен Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокуратурасында мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқардым. Аталған іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болған жоқпын. Алайда қылмыстық істің материалдары мен сот үкімін зерделедім. Істің қысқаша сипаттамасы мынадай: жәбірленуші Алматы қаласынан баспана сатып алмақ болып, 1,5 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасау үшін Тараз қаласынан келген. Бұл туралы оның танысы біліп, Әділетхан Молдаханмен бірге қылмыстық жоспар құрған. Олар жәбірленушіні жолда күтіп алып, жол-көлік апатын ұйымдастырған. Содан кейін ашық түрде 1,5 млн теңгені тартып алған. Кейін күдіктілер ұсталды. Оларға қатысты қамауға алу шарасы қолданды», – деп түсіндірді Дидар Қабаев.

Күдіктілер дер кезінде ұсталып, қамауға алынған. Қабаевтың айтуынша, іс қаралып жатқан кезде айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

«Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындап, келтірілген залалды өтеді. Қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 382-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен қаралды. Қысқартылған тәртіп кінәні толық мойындауды және талап-арыздарды дауламауды көздейді. Мұндай жағдайда істің барлық материалдары жан-жақты зерттелмейді, тек сотталушылар мен жәбірленушілер ғана жауап береді. Осыдан кейін жарыссөз басталып, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Нәтижесінде сот әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкімге шағым түспеді және ол заңды күшіне енді», – деп мәлімдеді Дидар Қабаев.

Осылайша, Әділетхан Молдахан тонау қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот қылмыстың алдын ала ойластырылған жоспар бойынша, жол-көлік оқиғасын қолдан ұйымдастыру арқылы жасалғанын анықтады. Айыпталушылар кінәларын мойындап, келтірілген шығынды өтеген, нәтижесінде оларға үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...