15 қаңтарда Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма? Сейсмологтар мәлімдеме жасады

Сейсмология институты мен Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері халық арасында жаппай тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ел арасында жақын арада жойқын жер сілкінісі болатыны туралы хабар тарап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейсмологтардың болжамына сәйкес Алматыда 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін жойқын жер сілкінісі болмайды.

«Біздің ғылыми орталықта тұрақты түрде зерттеу жүргізіліп жатыр. Жер қыртысы туралы 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжау комиссиясының қорытындысына сәйкес қысқа мерзімді болжам бойынша 10 қаңтардан 17 қаңтарға дейін магнитудасы 5,5 балл болатын жойқын жер сілкінісі күтілмейді. 2024 жылға арналған орта мерзімді болжам қаңтардың соңында дайын болады. Біз мәліметтер базасы бойынша қорытынды береміз, біздің ведомствода он зертхана жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша болжамдар расталды. Тұрғындардан дүрбелеңге салынбауын, сақтық шараларын білуін сұраймыз», — дейді ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Сейсмологтар айтылып жатқан мәлімдемелерде ғылыми негіз жоқ екенін жеткізді. Олар мұндай алып қашпа ақпаратқа сенбеуге шақырады.

«Былтыр да 2023 жылға арналған комиссия қорытындысын жасадық, соған сәйкес магнитудасы 5,5-тен асатын жойқын жер сілкінісі күтілмеді. Көріп отырғанымыздай, бұл болжам расталды. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлер бұл болжамды қалай жасағаны түсініксіз, өйткені оларда қандай да бір арнайы жабдық пен техника жоқ. Олардың мәлімдемелерін негізсіз деп санаймыз. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ», — деді Нұрсәрсен Өзбеков.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтарды «15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады» деген ақпарат шошытқаны хабарланды. 

Сонымен қатар, қанша балдық жер сілкінісі Алматыны қиратуы мүмкін екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.