12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1,4 триллион теңге жұмсалды, ал спорттағы рейтинг төмендеп жатыр: Антикор мәлімдеме жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен ведомствоаралық мәжілісте спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалу мәселесі талқыланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді.

Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, cпортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. Тек кейінгі 6 жылда осы саладағы бюджет екі есеге өсіп, 1,4 триллион теңге болды. Алайда Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатыр. Осы сала бюджетінің 90 пайызы жұмсалатын «жоғары жетістіктер» және «бұқаралық» спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады. Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым. «Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды. Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған», — деді агенттік төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.