Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?

Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім грантын жеңіп ала алмаған талапкерлер үшін байланыс орталығы іске қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында call-орталық жұмыс істейді», — делінген хабарламада.

Call-орталық арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады:

  • 8 (7172) 69-50-69;
  • 8 (7172) 69-52-92;
  • 8 (7172) 69-50-71.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...