«Масс-медиа туралы» заңды іске асыру

Құрметті әріптестер!

Бүгінде кәсіби медиа қауымдастығы «Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасын қызу талқылауда. Осыған орай оның кейбір тұстарын нақтылай кеткім келеді.

Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген.

Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады.

Одан өзге, журналисттер арасында ең көп сұрақ тудырған Ереженің 10-тармағына, атап айтқанда БАҚ өкілдерінің қандай талаптарды сақтауы керектігіне тоқталамын.

Біріншіден, кез-келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тиым салмайды.

Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында білдіруге қатысы жоқ.

Үшіншіден, регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақыт тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші (яғни, іс-шара модераторы) қамтамасыз ететіні қарастырылған.

АҚШ пен Еуропалық Одақтың және халықаралық ұйымдардың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, белгіленген ережелерді, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда журналист іс-шараларға қатысу құқығынан және аккредитациядан айырылады. Мысалы, Еуропарламенттегі БАҚ қызметін реттейтін Ережеде түсірілімге рұқсат етілген арнайы орындар қатаң түрде белгіленген.

Төртіншіден, ережеде әрбір мемлекеттік органның немесе ұйымның белгілі бір іс-шараның регламентін өзі бекітетіндігі көрсетілген. Бұл ретте Министрлік уәкілетті орган ретінде ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарын және журналистердің ерекше мәртебесін сақтау мәселелері бойынша аталған регламентті әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстарын жіберетін болады.

Бесіншіден, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге кіру және сол мекемелердегі режимдерді ұстану да қолданыстағы заңнаманы сақтау мен қауіпсіздіктің айнымас бөлігі болып табылады.

Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан Министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді.

Балаева Аида Ғалымқызы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...