12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

10 сотық жер алуға қанша қазақстандық кезекте тұр?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті қанша азаматтың 10 сотық жер алуға кезекте тұрғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қазір екі миллионнан астам қазақстандық жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алуға кезекте тұр (1 миллион 300 мың egov порталының мәліметі бойынша).

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар болуы керек. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендердегі жер учаскелері тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана беріледі», — делінген тілшінің сауалына жауапта.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарына жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерінің саны 18 625.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру туралы өтініштердің ұзақ уақыт бойы қанағаттандырылмауының себептері бос аумақтардың болмауы және учаскелерді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қаржыландыру.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір ғана Алматы облысында 460 мыңға жуық тұрғын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұр.

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...