10 әскери қызметші психикалық денсаулық орталығына түсті деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметші жатқызылды деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр. 2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының ҚІД-нен 2022 жылдың маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлы Орал қаласының дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді. Содан кейін ол «Облыстық психикалық денсаулық орталығына» дәрігерлердің бақылауына «бейімделудің бұзылуы» алдын ала диагнозымен ауруханаға түсті», — деді ведомство баспасөз қызметі.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...