10 шілдеде Алматының бір бөлігінде су ажыратылады: көшелер мен үйлер тізімі

Алматының бірнеше шағынауданының тұрғындары жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты бір күн сусыз қалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Алматы Су» ақпаратына сүйенсек, сумен жабдықтау нысандарындағы технологиялық жабдықтарды ауыстыруға байланысты 10 шілде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін суды өшіру жоспарланып отыр.

Тұрғын үйлерде, әкімшілік ғимараттарда, Саин көшесі — әл-Фараби даңғылы — Үлкен Алматы өзені — Рысқұлбеков көшесі аумағындағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарында да суық су болмайды:

  • Орбита-1, 2 және 3 шағынаудандары;
  • № 4 емхана;
  • Навои көшесіндегі №15, №20, №25а, №25б, №39 балабақшалар;
  • «Байтал», «Шолпан Сити», «Төле би Тау», «Шахристан», «Сезім», «Верный» тұрғын үй кешендері, Науаи көшесіндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар, осы көшелердегі жеке үйлер.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...