10 ардагер Министрдің алғыс хатына ие болды

Ішкі істер органдарына алғаш кіретін жас қызметкерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыруда  және олардың кәсіби бейімделуіне тәжірибелік  көмек  көрсеткен  ІІО-ның  10 ардагері  ішкі істер Министрінің алғыс  хатымен  марапатталды.    

    

Абай  облысы  бойынша  ҚАЖ  Департаменіне қарасты   мекемелерден  қызмет етіп зейнетке  шыққан  жиыны  600-ге жуық  ішкі істер органдарының ардагерлері  бар. Олардың  көбі бұған дейін облысымыз  ШҚО болып тұрған  кезде зейнеткерлікке шыққандар.  Қоғам   тыныштығы  жолында,  бар  күш  жігерлерін  аямай  сарп еткен ардагерлер  бүгінде  өздері  зейнетке  шыққан  мекемелермен  тығыз  байланыста. Олай  дейтініміз,  кейінгі  жас  буынға өз  тәжірибелерімен  бөлісіп, білмегенін  түсіндіріп  беруде  ардагерлердің үйретері  мол. Оның бір дәлелі  жыл сайын  №21  мекемесі  әкімшілігі  зейнеткерлерді  шақыртумен жоспарға сай,  тәжірибе алмасу төңірегінде іс-шаралар өткізіп тұрады.  Шарада,  жас буынның өз қызметіне деген  адалдығы мен күш жігерін сезіне білуін,  заңды  басты  орында  ұстанып,  жемқорлықтан  бойларын аулақ  ұстауға  қатысты  пікірлерін  білдіріп насихат айтады.  Сондай-ақ,  салауатты  өмір  салтын  ұстануға, жалпы  мәдени және  кәсіби ой-өрістерін дамытуға,  патриотизмге баулуға  өз үлестерін  қосып  келеді.

Осындай  біліктілігі мен  білімі  толысқан  ардагерлерге  Абай  облысы бойынша  ҚАЖД ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Мұратқазы Ахметжанов пен  Департамент  бастығының  орынбасарлары әділет полковнигі  Ғалымжан Балтабаевтың, әділет  полковнигі Роллан Жумажановтардың     ұсынысымен  ІІМ тарапынан  арнайы  құрмет  көрсетіліп,   ізгілік  сөздері  жазылған  Алғыс хат тапсырылды. 

Қанша жыл еңбек етіп  зейнекте  шықса  да  үйде отыруды  жөн  санамаған  аталған зейнеткерлер бүгінгі таңда  да әр түрлі салаларда  еңбек  етіп, болашақ  жас буынға  өз еңбекқорлықтарымен  үлгі-өнеге  көрсетіп келеді.  

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...