1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қандай болады?

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның облыстары мен қалаларында жаңа бағалар мынадай шекте белгіленеді:

  • Астана — 84 теңге;
  • Алматы — 89 теңге;
  • Ақтөбе облысы — 59 теңге;
  • Атырау облысы — 59 теңге;
  • Ақмола облысы — 84 теңге;
  • Алматы облысы — 89 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 84 теңге;
  • Жамбыл облысы — 78 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы — 70 теңге;
  • Қостанай облысы — 84 теңге;
  • Қызылорда облысы — 70 теңге;
  • Қарағанды ​​облысы — 84 теңге;
  • Маңғыстау облысы — 59 теңге;
  • Павлодар облысы — 81 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 89 теңге;
  • Түркістан облысы — 70 теңге;
  • Шымкент — 70 теңге;
  • Абай облысы — 84 теңге;
  • Жетісу облысы — 84 теңге;
  • Ұлытау облысы — 84 теңге.

«Жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын жоспарлы өсіру аясында енгізіліп жатыр», — делінген негіздемеде.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған. Қоғамдық талқылаулар 17 маусымға дейін жалғасады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.