1 шілдеден бастап үш дербес кассациялық сот жұмысына кіріседі

        Дербес кассациялық соттардың қолданысқа енгізілер күні де жақындап қалды. Бұл судьялардың жауапкершілігін арттырып, тәуелсіздігін бекітеді және  азаматтардың заң мүдделерін, құқықтарын қорғауды нығайтып, сапалылықты жоғарлатып, сот жүйесіне деген сенімін арттырады, ал ол дегеніміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципі бағытында жұмыс жасайтыны сөзсіз.

      Біздің тарапымыздан мақсатымыз халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, себебі бұл заңдағы толықтырулар әр адам өз құқықтарын қорғаудағы тиімді жол. Кассациялық соттар –төмендегі соттардың заңды күшіне енген шешімдерін, үкімдеріне шағымдар түскен істерді қарайтын сот органы, яғни, заңды күшіне енген сот актілерін қарайды. Сот шешімдерінің зағдылығына көңіл бөледі.

      «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі» туралы» заң кассациялық соттардың құрылуы туралы тарауы  2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен толықтырылды.

     Кассациялық сот судьяларды іріктеудің өзіне белгілі бір тәртіп, шарт қойылған, ал кассациялық соттар судьяларының жалпы саны Жоғарғы Сот төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен ұсынылып, ҚР Президенті бекітеді. 

      Кассацияға істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға бірден түседі және сот процесі тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіліп, істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды.

     Дербес кассациялық соттардың негізгі міндеті төменгі тұрған соттардың жіберген қателіктерін түзетуге және заңдардың қолданылуын біркелілікті және ыңғайлылықты, әділеттілікті қамтамасыз етуге жол береді. 

      Заман талабына,  көпшілік сұранысына сай халық игілігіне қызмет етуге арналған жаңа бастама оң ықпал етері анық. 

                                 Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                                   істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

                                      сотының судьясы Дусимова Алмагул Иманалиевна

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...