12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама туралы не белгілі?

1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, жаңа ипотека «Наурыз» деп аталады.

«Мемлекет басшысы Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық құрылтайда жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы бастама көтерген болатын. Сондықтан бағдарлама «Наурыз» деп аталды. Биыл ол 1 мамырдан басталады», — деді Нұрлан Байбазаров сұхбатында.

Ипотека шарттары

Экономика министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа ипотеканың шарттары туралы айтты:

  • ⁠кредиттің максимал сомасы – әлі қарастырылып жатыр;
  • салымның ең төменгі сомасы – 1 000 000 теңгеден кем емес;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер және т.б. — еск.) үшін сыйақы мөлшерлемесі 7 пайыз, ал қалған салымшылар үшін жылдық 9 пайыз болады;
  • бастапқы жарна сомасы – 20 пайыздан;
  • несие мерзімі — 19 жылға дейін;
  • Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек жаңа тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етіледі. Басқа аймақтарда қайталама баспанаға рұқсат етілген.
  • соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік немесе соған қытысты мәміле болмаған адамдар үшін ресми кірісі болуы керек (жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатындарды қоса алғанда).

Өнеркәсіп министрлігі өз кезегінде жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде жинақтарға қойылатын талаптарсыз тұрғын үйге кезекте тұрғандар қатыса алатынын атап өтті.

«Наурыз» ипотекасы қалай жұмыс істейді?

Бағдарлама операторы «Отбасы Банк» болады. Ол үшін 300 миллиард теңге көлемінде нарықтық қаражат тарту жоспарланған. Бірінші жылы әлеуметтік осал азаматтарға бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін жылына 7 пайыздық мөлшерлемемен 12 мың жеңілдетілген несие беру жоспарланған.

8 жыл ішінде жаңа жеңілдетілген ипотекалық мемлекеттік бағдарламаға 1,7 триллион теңге бөлінбек. Осы уақыт ішінде 68 мыңға жуық қазақстандық жеңілдетілген несие ала алады. Ол үшін «Отбасы Банк» базалық деңгейде (қазіргі уақытта 14,75 пайыз) мөлшерлеме бойынша облигациялар шығарады: бірінші жылы – 300 миллиард теңге, одан кейінгі жылдары – 200 миллиард теңге. Облигацияларды сатып алушылар — нарық субъектілері және екінші деңгейлі банктер.

«Отау» ипотекасы мен «Наурыз» ипотекасының айырмашылығы

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда жыл сайын қаржыландыру көлемі 150 миллиард теңге болатын «Отбасы банк» — «9-20-19» немесе «Отау» жаңа бағдарламасы жұмыс істейді. 7 жылда банктің есебі бойынша 50 мың азамат жеңілдетілген несие ала алады.

Екі ипотеканың айырмашылығы – «Отау» тек «Отбасы банк» салымшыларына арналған және салым мерзімі кемінде 18 ай болуы керек. Ал, «Наурыз» бағдарламасы барлығына арналған: депозит ашып, бірден қатыса аласыз. Отаудан айырмашылығы мұнда «Отбасы банкінің» салымшылары ғана емес, басқа санаттағы азаматтар да қатысады. Бірінші кезекте, баспана алу үшін әкімдік кезегінде тұрғандар: жас отбасылар, моноқалалар мен аудандардың тұрғындары.

Сонымен қатар, «Отауда» барлығына 9 пайыз, «Наурыз» бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7 пайыз, қалғандары үшін 9 пайыз болады.

Еске салайық, 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын. Ол «Отау» («9-20-19») бағдарламасымен қатар жұмыс істейді.

Елімізде ипотекалық несие бойынша шекті мөлшерлеме төмендетілді»

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлеме қайта қаралды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдері жарияланды

Қазақстан жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны мамырда басталып, тамызда аяқталады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ НЕГЕ ТӨМЕН?

Елімізде кəсіпорындарды жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан ауаның, судың жəне топырақтың эрозиясы ұлғаюда. Бүгінде əсіресе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Өскемен жəне Балқаш қалаларында атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.

Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазанның аяғына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.

За кулисами лекарственного рынка

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РК РАССМОТРЕЛ ОТЧЕТ ВЫСШЕЙ АУДИТОРСКОЙ ПАЛАТЫ ПО ИТОГАМ АУДИТА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И ПОДВЕДОМСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ В СФЕРЕ ЛЕКАРСТВЕННОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКЛАД ВЫЯВИЛ РЯД КЛЮЧЕВЫХ ПРОБЛЕМ, ЗАТРАГИВАЮЩИХ КАЧЕСТВО, ДОСТУПНОСТЬ И ПРОЗРАЧНОСТЬ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫМИ СРЕДСТВАМИ НАСЕЛЕНИЯ СТРАНЫ.