1 ақпаннан бастап Қазақстанда ескі банкноттар қабылданбайды

Қазақстан Ұлттық Банкін 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын еске салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз», — деді Ұлттық банк өкілдері.

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6 пайыз), Нұр-Сұлтанда (9,2 пайыз) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5 пайыз) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4 пайызы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6 пайыз) және 5 000 теңгелік (27,0 пайыз) банкноттар болды.

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...