«1 000 000 теңге ұттыңыз» деп 10-нан астам тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, ұялы телефондарына белгісіз ер адам хабарласып, 1 000 000 теңге ұтыс ұттыңыз деп сенімдеріне кірген. Аталған ірі көлемдегі қаражатты алу үшін тұрғындардан 10 000-30 000 теңге көлемінде ақша алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Хабар алысымен мақтааралдық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлер алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы тұрғындарды алдаған жұмыссыз, жас жігіт екені анықталды. Оның жеке-басы анықталып, ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті инстаграм әлеуметтік желісінен «Komek_Halikka» атты парақша ашып, сол арқылы тұрғындардың ватсабына шыққан. Одан әрі сенім білдіргендермен тілдесіп, 11 тұрғыннан 250 000 теңгеге жуық ақша алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер осы қылмыстық істі соңына жеткізу үшін, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нақты дәлелдерді келтіре отырып, іс-құжаттарын жинақтады. Осылайша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінде Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдіктінің кінәсін мойындауы, шығынды өтеуі мен бұрын сотты болмағаны ескеріле отырып, 26 жастағы жұмыссыз жас жігіт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісіне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...