12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1 қарашадан бастап судың ақысы жаңа әдістеме бойынша есептеледі

2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейбір БАҚ өкілдері жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деп хабарлаған еді. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды.

Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу. Бұрынғыдай төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, яғни тұтынушы мен су арнасы желілерінің шекарасында орнатылған құрылғы деректері негізге алынады. Ал есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері әкімдік бекіткен тұтыну нормалары бойынша есептеледі.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін де есептеу тәртібі өзгермейді. Егер үйде жалпы үйлік су есептегіш орнатылып, кейбір пәтерлерде жеке есептегіштер болмаса, онда жалпы үйлік және жеке көрсеткіштер арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды түрде бөлінеді. Мұндай тәртіп бұрыннан қолданыста болған, енді түсінбеушіліктердің алдын алу үшінол жаңартылған әдістемеде нақты бекітіліп отыр.

Осы әдістемені қабылдау сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ақы төлеудің ұлғаюына әкелмейді.

Әдістеме төлем қағидаттарын өзгертпейді. Ол тек жүйені барынша ашық етеді. Есептегіші бар тұтынушы тек өз тұтынған суы үшін төлейді, ал есептегіші жоқтар бекітілген норма бойынша. Жалпы үйлік және жеке есептегіштер арасындағы айырмашылық бұл ортақ үй қажеттіліктері, ал ол ешқандай қателік те, айыппұл да емес. Жасырын қосымша төлем болмайды. Мұндай есептеу тәртібі бұрыннан бар еді — деді Нұрсұлтан Керімқұлов, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төраға орынбасары.

Демек, жаңа әдістеме тұрғындар үшін ештеңені өзгертпейді: тек қолданыстағы тәжірибені біріздендіріп, оны барша өңірлерге түсінікті әрі бірыңғай етеді. Су ақысы өспейді деп кепілдік береді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Елімізде сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді

11 қазаннан бастап Қазақстанда сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді барлық дүкендер мен онлайн-платформалар тауардың екі бағасын қатар көрсетуге міндетті – бірін толық бірден төлеген кездегі баға, екіншісін бөліп төлеу арқылы сатып алу кезіндегі баға.

МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАДАМ

Республика күні – тарихи күн. Арғы заманды айтпағанда, тəуелсіздік төңірегінде қаншама күрделі өзгерістер орын алды. Мұндай тартыстарды қарапайым халықтың біле бермейтіні түсінікті. Десек те, тəуелсіздік бəзбіреулер ойлағандай төбеден топ етіп түсе қалған жоқ. Азаттық – тəңірдің берген тартуы. Əрі ел үшін жанын берген майталман тұлғаларымыздың өлшеусіз еңбегінің нəтижесі.

Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі су деңгейінің төмендеуінен ең көп зардап шегіп отыр. "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, теңіздің тайыздану процесі әлі де жалғасып жатыр және алдағы жылдары бұл үрдіс күшеюі мүмкін.

Түркияда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

Мәрмәр теңізі аймағында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, Ыстамбұл мен көршілес провинциялардың тұрғындары дүмпулерді сезді.

Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.