№79 мекемесінің сотталған азаматшаларға арналған кітапханасы 3550 жаңа кітаппен толықты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемеде рухани-ағартушылық бағыттағы маңызды іс-шара өтті. “Жүректен жүрекке” қайырымдылық қорымен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында мекеменің сотталған азаматшаларына арналған кітапханасына 3550 дана кітап табысталды.

Аталған бастама сотталған азаматшалардың білім деңгейін арттыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және олардың рухани дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Кітаптар қоры көркем әдебиет, танымдық, тарихи, тәрбиелік және мотивациялық бағыттағы шығармалармен толықты.

Шара барысында тараптар мұндай әлеуметтік жобалардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Кітап – адам санасын жаңғыртып, дұрыс бағытқа жетелейтін маңызды құрал екені белгілі. Осы тұрғыда аталған бастама мекемедегі тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді.

№79 мекемесінің әкімшілігі “Жүректен жүрекке” қайырымдылық қорына көрсеткен қолдауы мен әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...