№79 мекемесінде қызметкерлердің отбасына қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды

Атырау облысы бойынша ҚАЖД 79 мекемесінде қызметкерлердің отбасына көңіл бөлініп, балаларға қуаныш сыйланды.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №79 мекемесінде қызметкерлердің отбасына қолдау көрсету және балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында қызметкерлердің балалары үшін танымдық және ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, оларға естелік сыйлықтар табысталды. Мекеме басшылығы ата-аналармен кездесіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әлеуметтік қолдау көрсету және ұжым ішіндегі бірлікті нығайту бағытында пікір алмасты.

Аталған бастама ұжымда жылы қарым-қатынас қалыптастырып, балалар мен ата-аналардың қуанышына себеп болды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.