№79 мекемесінде қауіпті аурудың қаупі түсіндірілді

ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы-туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» (қолайлы жағдайларды пайдалана білетіндер) деп аталады, себебі олар қан жүйесі әлсіреп ауру қоздырғышына қарсы тұру қабілеті әлсіреген кезде пайда болады.
Қазіргі кезде АИТВ жұқпасының даму қарқынын тоқтататын дәрі-дәрмектер бар. Басқа дәрі-дәрмектермен «оппортунистік» жұқпаларды алдын алу немесе емдеуге болады. Егер ерте анықтаса оның алдын алу және емдеу мүмкіндігі көбірек болады.
АИТВ жұқтырған адамда бір немесе бірнеше оппортунистік ауру анықталып және CD4 клеткаларының мөлшері белгілі деңгейге дейін төмендесе, ЖИТС деген диагноз қойылады деп, ауыр дерт туралы Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы дәрігер эпидемиологтары Мұқанова Рашида Тұрымқызы мен Жарылғасова Динара Орынбасарқызы Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі №79 мекемесінің жеке құрамына таңертеңгілік саптық жиында түсіндірме жұмыстарын түсіндірді. Қорыта келе мекеме қызметкерлері сұрақтары жауап алынып, мекеме басшылары дәрігерлерге алғыстарын білдірді.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...