№74 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33жыл толуына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің №74 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33жыл толуына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік шара өтті. Арнайы өткізілген мерекелік шарамызға мекеме басшылығы мен шаруашылық жасағы қатысты. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Азамат Бактыбаевич Хайруллинге құттықтау сөз кезегі берілді. Әрмен қарай тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инженері Ашрепов Канат Серикович мерекемен құттықтады. АКАӘПТЖ бөлімінің психологы Показеева Ольга Владимировна мен АКАӘПТЖ бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Сериккалиева Рита Тлекжановна сөз сөйлеп, ізгі-лебіздерін білдірді. Алдымен тәуелсіздік жайлы өлең оқылды. Әуезді әнге кезек беріліп Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әні гитарамен шырқалды.Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындық пен келгенін баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Тәуелсіздікке жету жолында желтоқсан оқиғасы ашық сипатта және әсерлі көрсетілді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын тыңдай отырып, Алматыдағы жастардың алаңға шыққанын еске түсіреді. Ой қабілеттерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап айдары жүргізіліп, өз ойларымен бөлісті. Еліміздің егемендігі бізге оңайлықпен келмегені баршаңызға мәлім. Небір нәубет соқпақты жылдарды өткердік. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті. Мерекелік шарамыздың түпкілікті басты мақсаты елін сүюге, ұлтжандылыққа шақыру. Сан ғасыр күткен тәуелсіздік жолында азат елді сыйлаған батырларға тағзым етіп, елдігімізді ұлықтау. Өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытқаны үшін шаруашылық жасағына алғыс білдіреміз. Кеш ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қорытындылады.


№74 мекемесінің кітапханашысы Гүлдана Есқалиева

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...