№37 мекемесінде ”7 мамыр — Отан қорғаушылар күні” мен ”9 мамыр — Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында мерекелік шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде ” 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні” мен ” 9 мамыр — Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталды.Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Мамбетов Абай Әбілқасымұлы жеке құрам қызметкерлерін қос мерекемен құттықтады.
-Отан қорғаушылар күні — бұл ерлік пен Отанға деген адалдықтың нышаны болып саналатын мереке. Осыдан 31 жыл бұрын Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Осы жылдар ішінде алғашқы әскери бөлімдерді қалыптастырудан бастап, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздіктің қазіргі жүйесіне дейінгі үлкен жолды жүріп өттік. Ең заманауи қарумен және техникамен жабдықталу, командирлердің кәсібилігі, жеке құрамның жоғары жауынгерлік дайындығы мен машығы – осының бәрі біздің Қарулы күштеріміздің нығаюына септігін тигізді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздерді
Отан қорғаушылар күнімен және Ұлты Отан соғысының Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектерінде табыс, қызметтерінде сәттілік тілеймін,-деді әділет майоры Абай Әбілқасымұлы.
Шара барысында қызметтегі жақсы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...